26.06.2018, 15:52
Оқылды: 29

Ауыл тазалығына студент жастар үлес қосуда

DSC_0487«Жасыл ел» - студент жастардың құрылыс жасақтары жалпы облыста көптен жүргізіліп келе жатқан ізгілікті іс.

Биыл Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлескен жұмысы аясында Астана, Алматы, Орал және еліміздің өзге қалаларында оқып жатқан ауылдың студент жастары және аудандағы кәсіптік білім беретін бірден-бір  білім ордасы Қаратөбе колледжінің студенттерінен құрылыс жасақтары құрылып, туған жер тазалығын сақтау бағытында жұмыстар атқаруда.

«Жастардың  жұмыс жасауына толық жағдай бар, арнайы киіммен қамтылды. Белгіленген жұмыс уақыты бойынша еңбек еткен студент жастарға еңбекақы төленеді. Маусым айының басынан студент жастарды тіркеу жұмыстары жүргізілді. Бұл игі іс 2 лег бойынша жүреді.

Алғашқы лег бойынша 21 маусымнан бастап 25 студент тазалық жұмыстарын жасап жатыр. Олар көшелер мен мекемелер ғимараттарының маңындағы тазалық жұмыстарын жүргізеді. Көшенің сәніне сын келтіретін арам шөптерді түп-тамырымен жұлып, көшелерге тасталған қалдықтарды жинастыруда. Студент-жастардың еңбек тәжірибесін өткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туған жерді көркейтуге, оның табиғаты мен экологиясын сақтауға бағытталған болса, екіншіден, елдің болашағы жастарды еңбексүйгіштікке баулу.

Келесі екінші лег шілде айының 22-сінен басталады деп жоспарлануда. Оған 35 студент тартылмақ. 2 лег бойынша барлығы 60 студент қатыспақ. Оларға еңбекақы төлеу жұмысы  ауылдық округ әкімі аппараты арқылы жүргізіледі»,- дейді Қаратөбе ауылдық округі аппаратының маманы Ерболат Бердіғалиев пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық маманы Дәрия Ерболқызы.

     Ерболат РАЙСОВ,

                                                            Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале