2.02.2018, 17:38
Оқылды: 67

Ауыл тұрғындары бірігіп шағын күрес залын ашты

Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылдық округінің белсенді ауыл жастары және азаматтары шағын күрес залын ашты.  Олар біраз жылдан бері бос тұрған ескі спорт залға өз қаражаттары есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізген.

 Бастама белсенділері ауыл жастарының қазақ күресіне деген қызығушылығын ояту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздеген.

Алдағы уақытта шағын күрес залы қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталатын болады. Қазіргі таңда қазақ күресі спортына оқушылар, ауыл жастары қабылданып, жаттығу жұмыстары басталған. Айта кету керек, шағын күрес залында оқушылар мен ауыл жастарын Қоскөл ауылдық округі бойынша спорт әдіскері Ержан Ақмұқанов пен Елжас Оразбаев жаттықтыратын болады.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале