22.12.2017, 12:14
Оқылды: 55

Ауыл тұрғындарының арасында жарыс өтті

Саралжын ауылы тұрғындары арасында волейболдан тартысты ойын өтті.

Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген округ әкімі Қайыр Бисенғалиев, аудандық мәслихат депутаты Бекжан  Қойшекенов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс  жеткізді.

Аталмыш ойын бес команда арасында өрбіді. Ойын қорытындысында І орынды әкімшілік құрамасы, ІІ орынды мұғалімдер құрамасы, ІІІ орынды оқушылар командасы иеленді. Жекелеген ойыншылардан «Ардагер ойыншы» аталымымен Мақсот Нүрекешов, «Үздік қорғаушы» аталымымен Айдана Қабиболақызы, «Үздік шабуылшы» аталымымен Аслан Калинич марапатталды.

Айта кету керек, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған шараға демеушілік еткен Атырау облысында ауысымдық қызметте жүрген ауыл азаматтары. Олардың қатарында Есет Шайжанұлы, Ахмет Шайжанұлы, Жамбыл Жауынбайұлы, Қасым Маратұлы, Асхат Ғафарұлы, Қабиболла Ғаділшеұлы, Диқан Өтегенұлы, Нұрхат Қабиболлаұлы бар.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале