7.10.2019, 11:49
Оқылды: 152

«Ауыл тынысы» газеті жаңа жобаны қолға алды

Келер жылы алғашқы санының жарық көргеніне 80 жыл толғалы отырған Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетіне 2020 жылдың I жартыжылдығына жазылу басталды.

Баспасөзге жазылым науқанына орай редакция ұжымы жаңа жобаларды қолға алды.

Апта сайын оқырмандармен кездесуді дәстүрге айналдырған редакция басшылығы оқырман талғамымен, ойымен санасуды басты міндет санайды.

- Оқырманға рухани азық сыйлау мақсатында ақылдаса отырып, көптеген жобаларды жүзеге асыруды қолға алдық. Өз нәтижесін береді деп ойлаймыз. Бәйтеректік оқырман келер жылдың газетіне жазылу арқылы «Саят» этнотуристік орталығында атпен серуендеу, Жайықтың Жансаясымен кешкі ас, ақын Шолпан Қыдырниязованың шаңырағында «Тəрбие сағатын» тыңдау, жергілікті қолөнер шебері Арман Айтбаевтың ғажайып əмияндары, жергілікті суретші Федор Старинецтің қайталанбас туындысы, бəйтеректік аузы дуалы ақсақал Сатыбалды Төлегеновтың «Ақ бата» жинағы, Орал қаласында желтоқсан айында өткелі отырған «Алтын домбыра» айтысына қос билет; театрдағы қойылымға отбасылық билет сыйлықтары мен мүмкіндіктерге ие болады, - дейді «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалының директоры Ертай Сағындықұлы.

Нұрлыбек Мұхамбетияров

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале