8.02.2017, 20:19
Оқылды: 27

«Ауылда барлық мүмкіндік бар!»

Syrym esep (2)Бұл - Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбековтің халық алдындағы есеп беру жиналысына қатысқан  облыс басшысы Алтай Көлгіновтің өңірдің тыныс-тіршілігімен толық танысқаннан кейін айтқан түйінді пікірі.


Қазіргі уақытта Сырым ауданында 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. «Сыбаға» бағдарламасы басталғалы аудандағы шаруа қожалықтары 1 млрд. 29 млн. теңгеге 5496 бас ірі қара малын сатып алыпты. Бұл - бағдарламаны жүзеге асыру жөнінен Батыс Қазақстан облысындағы бірінші көрсеткіш.

Осы жылы Аралтөбе, Бұлдырты және Жымпиты ауылдық округтерінде мал бордақылау алаңдарын іске қосылуы ықтимал. Осындай нақты жоспарлар бар.

Syrym esep (3)Аудандағы мал шаруашылығының дамуы сапалы мал азығының берік қорын жасақтау үшін суармалы жерлерді айналымға енгізуді қарқынды жүргізу қажет екендігін көрсетті. Сырым ауданы бұл мәселені де оңынан шешті. Былтырғы жылы облыс басшысының тікелей ықпалымен Өлеңті көлдетіп суармалау жүйесін қалпына келтіру және Шолақаңқаты су қоймасын жөндеу жұмыстары басталды.

Өткен жылы 10 елді мекенге газ құбыры жеткізіліп, аудан тұрғындарының 92% - ы көгілдір отын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Жылдың аяғында Шолақаңқаты, Алғабас ауылдық окгругтерінің 6 елді мекеніне газ тарту құрылыстары басталды.

Биыл Қоңыр және Аралтөбе ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыз су тарту үшін 289,9 млн.теңге қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар Бұлан, Тоғанас және Қосарал елді мекендеріне техникалық су тарту жоспарда бар.

Syrym esepЖымпиты ауылында 10,7 км ауылішілік жолдар орташа жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғастырылады.

Ағымдағы жылы Сырым Датұлының 275 жылдығы, Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдығы және Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында ірі деңгейдегі шараларды ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өзінің қорытынды сөзінде елдің кешегі ахуалы мен бүгінгі тынысын салыстырды.

Облыс әкімі өзінің аудандағы әріптесінің жұмысына оң баға берді. Аудан шаруаларын өнімді қайта өндіруді, технологиялық модернизацияны игеруге шақырды, елді еңбекке шақырды облыс әкімі.

Сырым ауданының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тірі көрсеткіштердің өзі облыстың басшысына да, бұқара халыққа да біздің ауданда адам өмір сүруі үшін ең озық мүмкіндіктердің бар екенін дәлелдеген сияқты.

«Ауылда барлық мүмкіндік бар!» деді А.Көлгінов сөзінің соңында.

Бауыржан Ширмеденұлы

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале