12.01.2018, 17:41
Оқылды: 51

Ауылда мал сою алаңы ашылды

Шыңғырлау ауданының Белогор ауылдық округі орталығында жаңа мал сою алаңы пайдалануға берілді.

«Туған жерге туыңды тік» деп келетін қазақы тәмсілге арқау болған жағымды жаңалықты осы ауылдағы «Жәнібек» шаруа қожалығы жүзеге асырып отыр. Түліктің барлық түрін өсіріп отырған шаруашылық  мал сою алаңының шаруашылық үшін де, ауыл халқы үшін аса қажет екендігін айтып отыр. Шаруашылық басшысы Тыныш Иманғалиев бүгінгі таңда 400-ге тарта қой, 300 бастан аса жылқы, 150 бас сиыр (оның ішінде 30 бас «Абедин-Ангус» асыл тұқымды тайыншалар) барлығын айтып, өндірістік қуаты күніне 5-6 бас малға есептелген шағын алаңның қажеттігі туындағанын айтады.

Нәтижесінде, кәсіпкердің 30 млн. жеке қаржысына  1440 шаршы метр мал қорасы тұрғызылып, қосымша мал сою алаңы салынған.

Мал сою алаңының ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов құттықтау сөз сөйледі. Ол елдегі ырыс-берекенің, осындай  мүмкіндіктің бәрі еңбектің арқасы екенін айта келіп, ауылда тұрған екі басты бағыт: мал өсіру және егін егу қажеттігін айта өтті.

«Жәнібек» шаруа қожалығының басшысы Тыныш Иманғалиев пен Ғабидолла Оспанқұлов жаңа орынның тұсауын кесіп, шаруашылық тынысымен танысты.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале