11.04.2017, 10:30
Оқылды: 52

Ауылдағы сенбілік

Жәнібек ауылында санитарлық тазалық айлығы аясында алғашқы сенбілік өтті.

Оған аудан орталығындағы көптеген мекемелердің қызметкерлері мен жоғары сыныптың оқушылары, барлығы 1200-дей адам ұйымшылдықпен қатысты.

Сенбілік барысында ауыл көшелерінің бойы тазартылып, жиналған жиырма тонна қатты тұрмыстық қалдықтар Жәнібек ауылдық округі әкімдігінің қарамағындағы техникамен арнайы орынға шығарылды.

–Алдағы өтетін сенбіліктерге аудан орталығындағы кәсіпкерлер мен тұрғындар кеңінен тартылатын болады, - дейді аталмыш ауылдық округтің әкімі Мұстахим Қабдысалиев.

                                                                                         А. ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале