26.07.2017, 11:08
Оқылды: 73

Ауылдағылардың да айтары бар

karagoiwinЖаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Мәстексай, Жаңақазан, Жаңажол, Қырықопа ауылдық округтері мен Жуалыой елді мекенінде болып, ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.


Қабылдауға алдын ала жазылған ауыл тұрғындарының талап-тiлектерiн тыңдаған Наурызбай Қадырбайұлы мәселелерді шешуге құзырлы тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жеке қабылдауға жазылған ауыл тұрғындары алға тартқан мәселелердің дені жұмыс сұрау, тұрғын үй сұрау, мал бағу, жер жөніндегі мәселелер болды.

Сондай-ақ қыс мезгілін жазда ойлайтын аудан басшысы аталған ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандарды аралап, қыс мезгіліне дайындықтарын тексерді. Бұл жерде де әр мекеменің кезек күттірмейтін мәселелеріне жете назар аударып, шешілуіне ықпал ететінін айтты.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале