7.08.2017, 12:23
Оқылды: 17

Ауылдан құрылыс материалдарының бәрін табуға болады

Бүгінде қай ауылға барма заманауи тұрғын үйлер мен түрлі мейрамхана басқа да мәдени орындарды көруге болады. Бұның өзі ауыл халқының тұрмысының жақсарып келе жатқанын көрсетіп отыр.


Сонау қиыншылық кезде ауыл тұрғындары үйлерін жаңартпақ түгіл, азын-шоғын малдарының аула-қораларын жөндеуге де қажетті құрылыс материалдарын таба алмаушы еді. Ал қазір ауылдың іскер жігіттері құрылыс материалдарының түр-түрін әкеліп, үйіп қойды.

Солардың бірі - Қазталов ауылының іскер азаматы Самат Шакуов. Ол сонау Кеңес заманынан қалған ғимаратты құрылыс материалдарын сататын қоймаға айналдырды. Бұл қоймада құрылысқа қажеттінің бәрін табуға болады. Сондай-ақ жергілікті материалдардан дайындалған тұрғын үй қабырғалары да бар. Бұл жұмысқа ауылдан 2 адамды тартса, өзінің «Абылай» шаруа қожалығының малы үшін жаңадан қора салуға 3 адамды жұмысқа тартып отыр. Осындай кәсіптер өміршең болатын болса, ауылымыздың келбеті жаңарып, әрі екі қолға бір күрек табылады деп айта аламыз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале