1.08.2017, 11:22
Оқылды: 18

Ауылдарға су құбыры тартылады

Жәнібек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің бізге берген мәліметінше, Қамысты ауылында биылғы сәуірден ауыз су құбырын қайта құру жұмыстары басталып кеткен.


Оны «Жиенбай» ЖШС құрылысшылары атқарып жатыр. Тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайды. Құбыр тартылып болған соң, 316 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылмақ. Қазіргі кезде аталған ауылдың 8 шақырымына су құбыры жүргізілген.

Сол сияқты Ақоба, Талов  ауылдарына да таза сумен қамту мақсатында  жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Мәселен, Ақоба ауылындағы ауыз су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

                                                                                         Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале