5.12.2016, 11:40
Оқылды: 62

Ауылдастар жарысы

yanaikinЗеленов ауданының Янайкин ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тамаша спорттық сайыс ұйымдастырылды. Тәуелсіздікті ұлықтап қана қоймай, ауыл жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырған волейбол жарысына ауыл тұрғындары түгел қатысты.

Мектеп оқушылары мен ұстаздары, ауыл жастары, әкімдік, ауылдық ФАБ, ауыл клубы командалары қатысқан жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Янайкин ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев пен аудандық мәслихат депутаты Тілек Залұқанов  жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Қыздар командасына облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаев жаңа спорттық киім тарту етті.

Ауыл азаматтарының спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жарыс өте тартысты өтті. Барлық командалар жеңіске деген жігер танытып, көрермен қауымға тамаша ойын өрнегін ұсынды. Қорытындысында үздіктер марапатталып, барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале