1.02.2017, 12:55
Оқылды: 20

Ауылға интернат керек

????????????????????????????????????

  Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округінде екі елді мекен мен 17 қыстақ бар. Халықтың күнкөріс деңгейі жаман емес. Негізінен мал өсірумен айналысады. Ауылда орта мектеп пен 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт тұрғындарға қызмет етеді. Өзекті мәселе - науқастарды тасымалдайтын автокөлікті күрделі жөндеуден өткізу және кадр тапшылығы.


  Округ әкімінің есебінде ауыл тұрғындары әкімнің есебін оң бағалап, қырдан қатынап оқитын оқушылардың көбеюіне байланысты интернатқа балалардың сыймайтынын тілге тиек етті және аудан әкімінен қосымша бөлме салуды сұрады.

  Аудан басшысы Санжар Жұматайұлы шалғай ауылдағы атқарылған игі істерге өз бағасын беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жуық арада Оян ауылына баратын жолға жөндеу жүргізілетінін айтты. Болашақта республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін болса жолды асфальттауға да мүмкіндік туатынын жеткізді. «Бірақ, бұл алдағы күннің еншісіндегі шаруа» деді әкім.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале