17.01.2018, 12:27
Оқылды: 18

Ауыз су бағасы төмендеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылдың 7 қарашасындағы №446 бұйрығына сәйкес «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Соның негізінде Тасқала ауданының Мереке, Айнабұлақ, Аққайнар, Ақтау, Атамекен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала ауылдарында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап,ауыз су бағасы төмендеді.

Айта кетейік, ауыз су есептегіш құралы тұрғын үйдің ішінде орналасқан болса - 1 текше метр ауыз суға 30 теңге,  құрал орталық су желісіндегі сақинада (шахта) орналасса - 1 текше метр ауыз суға 40 теңге төлейді. Ал ауыз су есептегіш құралы орнатыламаса 1 адамға - 360 теңге 78 тиын.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале