6.06.2017, 12:20
Оқылды: 131

Автокөлік жөндеу орталығы ашылды

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта тағы бір автокөлік жөндеу сервисі ашылды. Осы уақытқа дейін газдандыру ісімен, кафесінің қызметімен танылғандардың бірі «Мирлангаз» ЖШС иесі Мұхтар Сапарғалиев кәсіп ауқымын осындай қажетті бір қызметпен толықтырып отыр.


1 маусымда жұмысын бастаған көлік жөндеу орталығы бүгінге дейін 30 шақты автомобильді қабылдап үлгерген. Кез-келген жеңіл көлікті жөндейтін орында сапалы қызмет үшін керекті жабдықтардың бәрі бар. Шино-құрсымды жөндеу, дөңгелек теңгеру, көтергіш құрылғылары жұмыс жасап тұр. Бір мезгілде 3 көлікке дейін қабылдайтын мұнда мотор, қозғалғыш бөлшектерді жөндеп, байқастау және басқа да ірілі-ұсақты жұмыстар жасалады. Айта кетерлігі, қызмет бағалары қаладағы бағамен бірдей.

Мұнда чапаевтық ағайынды Дамир, Амир Хасановтар сағатпен санаспай еңбектену үстінде. Олар бұған дейін Орал қаласында көлік жөндеу сервистерінің бірінде осы іске машықтанып, өз істерінің шебері атанған жігіттердің мұнда ауысқандарын естіген, яғни бұрыннан «темір тұлпарларын» жөндетіп жүргендер арнайы іздеп келеді екен.

– Көлік жөндетушілер қосалқы бөлшектерін өздерімен бірге алып келеді. Болашақта осы ғимараттан дүкен ашып, бөлшектерді келушілерге өзіміз ұсынбақ ойымыз бар. Мұндай сервисті ашу бұрыннан жоспарымда жүр еді. Соның сәті келген секілді. Өз ісімізді өркендету мақсатында сапалы қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз. Жеке көліктер өз алдына, қызметтік көліктерді де қабылдаймыз,-дейді Мұхтар Сапарғалиев.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале