3.12.2019, 16:40
Оқылды: 120

Аяқ доптан аудан біріншілігі өтті

Жаңақала ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай аудандық "Jastar" спорт клубының және "Жастар үні" ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен "Бұқаралық спорт-салауатты өмір салтының негізі" атты ерлер арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті.

janaqala (3)

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сөз алып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушы барша командаларға сәттілік тіледі.

janaqala (5)

Спорттық жарысқа ауылдық округ жастары, мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты. Тартысқа толы бәсекенің финалдық қорытындысында Пятимар ауылдық округінің ерлер құрама командасы III орынды иеленсе, Жаңақала мектебінің ұжымынан құралған құрама команда өзіндік ойын өрнегін көрсетіп II орыннан көрінді. Ал осы ретте бағы мен бабы қатар шауып, қарсыластарын қапы қалдырған №3 Жаңақала қазақ мектебі бас жүлдені қанжығасына байлады. Допты дода да өз қақпасын қорғауда ешкімге есе жібермеген пятимарлық Дидар Жұбанышев «Үздік қақпашы» атанса, қарсылас шабуылына тосқауыл қоя біліп, ойын алаңында ерекше көзге түскен Жаңақала мектебі құрама командасының қорғаушысы Райымбек Жолдығалиев «Үздік қорғаушы», қарсылас қақпасынан саңылау тауып, үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше голдың авторы атанған №3 Жаңақала қазақ мектебі шабуылшысы Абылай Біржанов «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.

janaqala (1)

Шыңғыс Ромашев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале