21.05.2020, 8:31
Оқылды: 174

Әзбек ауылдас қарызын кешті

Рамазан – қайырымдылық танытып, жоққа көмектесіп, жомарттық көрсететін ай десе де болады. Күллі мұсылман үшін қасиетті айда сауап ниетімен талай қазақ садақасын беріп, мұқтаж жандарға қажеттілігін алып бергені де жасырын емес. Ал сайқындық кәсіпкер Әзбек Мұхитов шешенстандық әріптестерінің әлеуметтік желідегі челленджін жалғастырып, дүкенге қарызы бар ауылдастарына кешірім берді.

657BA3CA-2A8C-4D8B-A846-2DB716DC5AAF

– Мына Фейсбук парақшамнан Шешенстандағы мұсылман бауырымның өз дүкеніне қарыздар ауылдастарының борышын кешіріп, қайырымдылық жасағанын көрдім. Қасиетті айдағы қадірлі іске үлес қосуды жөн санадым. Барлығыңызға белгілі кез келген дүкенде тауарды қарызға алғандардың тізімі бар. Міне, бүгін Рамазан айында мен дүкеніме қарыздар әрбір ауылдасымның қарызын кештім. Қазіргі таңда дүкеннің алажағы 63685 теңге болған болса, осы сәттен оны жыртып тастап, ертеңгі күнді ақ парақтан бастауға шештім,- дейді өз бейнежазбасында қайырымды кәсіпкер.

F01B9243-A115-4C7B-959C-2AD7B43F7642

Түйсінген жанға бұл - сауапты іс. Қарызын қайтарудың қамын ойлап, келер табыстың бір бөлігін баласының аузынан жырып бермек болып, қиналған жанға зор қуаныш.

Алла разылығы үшін істеген әр ісі сауапты болсын.

Раушан Жанатқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале