28.08.2017, 11:00
Оқылды: 104

Әжелер ансамблі Қаратөбеде өнер көрсетті

Ақтайсай ауылдық мәдениет үйінен жанынан 6 жыл бұрын құрылған «Елім-ай» әжелер ансамблі қаратөбеліктерге концерт ұсынды.


Қазіргі таңда әжелеріміздің репертуарында негізінен халық әндері мен Қазақстан композиторларының 70-тен аса әні бар.

Өнерпаздар кеш барысында «Қаратөбем», «Махаббат вальсі», «Гурьевте гөзал қыз», «Таңсәріде», «Жайық қызы», «Қимаймын сені», «Орамал», «Сары бидай» әндерін шырқады.

Ансамбль құрылғаннан бері орындаушыларды баянмен Ерболат Рамазанов сүйемелдеп келеді.

Концертте сонымен қатар Фархат Хамитұлы «Әжем айтқан ертегі», «Бәйге», Аружан Дастанқызы «Әже» өлеңін мәнерлеп оқыса, Г.Әділгереева, Ә.Асқарұлы «Ерке сылқым» күйлерін тартып, Ақтілек Мұхтарқызы мың бұрала би биледі.

Концерт соңында аудандық мәдениет үйінің директоры Ернар Биялев алғысын білдіріп, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының алғыс хаты мен сый-сияпатын табыс етті.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале