27.04.2017, 18:21
Оқылды: 26

Әзілкештер әлемі шақырды

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Көңілді көктем» әзіл-сықақ фестивалі өтті. Фестивальге аудан орталығы  және ауылдық округтердегі мәдениет және өнер мекемелері жанынан құрылған әзіл-сықақ командалары мен бір жеке орындаушы қатысты. Шараның мақсаты – ел ішіндегі жас таланттарды халыққа таныту.


Халықтың көңілінен шыққан ұжымдар мен жекелей әзілкештерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды. Атап айтар болсақ, «Үздік қойылым» аталымы бойынша Егіндікөл ауылдық округі, «Үздік актер» аталымымен Әділбек Әжіғалиев (Қоскөл ауылдық округі), «Үздік әйел бейнесі» аталымы бойынша Ақжарқын Қожақметова (халық театры) марапатталды.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале