27.10.2017, 11:49
Оқылды: 15

Азия кубогында қоржынға күміс медаль түсті

22811476_1945237225797585_936046154_nТараз қаласында қол күресі бойынша өтіп жатқан ашық Азия кубогында өнер көрсетуші қаратөбелік жерлес спортшылардың қарқынының мықты екендігі мерей өсіріп-ақ тұр.

 Жаңа ғана Тараз шаһарынан келіп жеткен ақжолтай хабарда жерлестеріміздің қоладан кейін күміс медальға қол жеткізгендігі мәлім болды.

Күміс медаль иесі – Есеней Жақыпов. Спортты жанына серік еткен қырық екі жастағы Есеней ашық Азия кубогында даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (арм – 4) 75 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға қол жеткізіп, күміс медальға ие болды. Осылайша қоржын тағы бір медальға толықты.

- Фархаттың қола медалінен кейін күміс медальға да қол жеткіздік. Өте қуаныштымыз. Ендігі уақытта үмітіміз бұған дейін дәлірек айтсақ, ағымдағы жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасында өткен ашық Азия чемпионатының қола жүлдегері Сүйесін Құмаровта болып отыр.

Сүйесін ертең 85 келі салмақ дәрежесі бойынша ересектер арасында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар бүгінгі таңда жүлдегер атанып отырған Фархат Қалиев тағы бір мәрте +110 келі салмақ дәрежесі бойынша ересектер арасында сынға түспек, - дейді бізбен Тараз қаласынан байланысқа шыққан спортшылардың жеке жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале