10.12.2016, 20:40
Оқылды: 51

БҚО əкімі - Ақжайық ауданында

received_10207939859666770Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алманияз Ержанов бастаған делегация жұмыс сапарымен Ақжайық ауданында болды.


 

received_10207939845786423Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында болған делегация осы жылы күрделі жөндеуден өтіп, жақын күндері пайдалануға берілгелі тұрған аудандық орталық ауруханада болды. Жөндеу жұмысының жайымен танысқан өңір басшысы аурухана ұжымын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен және заманауи жөндеуден өткен ғимаратқа көшулерімен құттықтады.

received_10207939845906426Бұдан соң делегация аудан тұрғындарының қатысуымен өткен салтанатты шараға қатысты. Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған өңір басшысы Алтай Сейдірұлы, Астанадан арнайы келген комитет төрағасы Алманияз Қасымұлы Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде елдегі және облыс көлеміндегі атқарылған істерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар бірқатар ардагерлер мен еңбек адамдары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

received_10207939859746772Мəртебелі меймандар түстен кейін Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында болып, ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жөндеу барысымен танысты.

Бұдан соң ауылдық әкімшілік ғимаратында аудан активімен кездесу өтті. Кездесу барысында сөз алған ауыл тұрғындары соңғы жылдары аудан көлемінде атқарылған игі істер үшін алғыстарын білдіріп, болашақтың еншісіндегі бірқатар өзекті мәселелерді сөз етті.

received_10207939860066780Облыс әкімі Алтай Көлгінов алдағы жылға жоспарланған ауқымды істер туралы айтып, түйткілді мәселелер өз кезегімен жүзеге асыратынын жеткізді.

Бұл ауылдық округтен де еселі еңбегімен ерекшеленген бір топ адам облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Нұрбек Оразаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале