13.01.2017, 14:08
Оқылды: 87

Баба тойына арналған шаралар басталды

Сырым 275    Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай кейінгі ұрпаққа батырдың ерлігі мен өмірін, шешендігі мен даналығын насихаттау мақсатында Сырым аудандық әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған онлайн-конференцияға жазушы, Сырым баба туралы "Тар кезең" тарихи романының авторы Қажығали Мұханбетқалиұлы арнайы қатысты.


Конференцияға Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК, ҚР Ұлттық кітапханасы, Сырым аудандық ОКЖ және Ақжайық аудандық ОКЖ байланысқа шығып, Сырым Датұлының мерейтойына арналған шаралардың бастамасымен құттықтап, дала кемеңгері жайында ойларын ортаға салды.

    Сонымен қатар конференция жұмысын Зелёнов, Шыңғырлау, Бөрлі аудандық кітапханалары да тамашалай алды.Syrym_Baba_toiy

      Сырым аудандық Мәдениет үйінің фойесінде Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» атты кітап көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

     Кітапхананың балғын оқырмандары ақындардың Сырым Датұлына арналған өлеңдерін, батырдың шешендік сөздерін мәнерлеп оқыды.

   Тақырыпқа орай жасақталған кітап көрмесіне қойылған Сырым Датұлының өмірбаяны, туған жері туралы деректер, батыр туралы мерзімді басылымдарға жарияланған материалдар, Даттың Сырымы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихы мен маңызы, басты оқиғалары қамтылған зерттеулер, Сырым туралы көркем шығармалар, қара қылды қақ жарған әділдігін паш еткен шешендік сөздері, батыр бабаның құрметіне арналған мәдени іс-шаралар тізбектелген ақпараттар «Ерен ер – Сырым», «Даланың дана қолбасшысы», «Сырымның сырлы сөздері», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» бөлімдеріне топтастырылған.

   Сонымен қатар шара барысында баба тойына орай жаңа үлгідегі логотипке жарияланған республикалық байқаудың ережелері таныстырылды.

Шынар Молданиязова

            www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале