20.06.2017, 12:48
Оқылды: 46

Бадамша ауылының рингінде

боксАқтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Бадамша ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  бокстан ашық турнирі өтті.


Турнирде 2005-2008 жылғы балғын боксшылар бәсекеге түсті. Бұл жарыста Ақжайық ауданының өкілдері лайықты өнер көрсетті.

Айталық, 26 келі салмақта Нұраш Теңізбай (М.Әуезов атындағы орта мектеп), 32 келіде Хурани Мұхамедали (Чапаев №1 орта мектебі) және 34 келі салмақта Теміржан Тимур (Абай атындағы мектеп-гимназия) үшінші орын алды.

Халид Исаев (38 келі), М.Әуезов атындағы орта мектеп оқушысы Әлихан Хасен (42 келі) екінші орынды, ал турнир жеңімпазы атағын 34 келі салмақта Төлеш Алтынбек, 40 келіде  Ғариполла Жәнел (М.Әуезов атындағы орта мектеп) еншіледі.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале