26.07.2017, 13:16
Оқылды: 38

«Бағдар-2017» шатырлы лагері жұмыс жасауда

IMG_0381Сырым ауданында спорттық бағдарлаудан «Бағдар - 2017» шатырлы лагері өз жұмысын бастады. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен Сырым ауданының «Жас туристер» станциясы мекемесі ұйымдастырған лагерь Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығына жақын жердегі туристік базада орналасқан.


Лагердің салтанатты ашылуында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі Райлан Нұрманов құттықтау сөз сөйледі.

IMG_0418Райлан Нұрмановтың айтуынша, Сырым ауданы жылдан-жылға туризм саласында маманы толыққан әрі кәсібиленген, материалдық базасы қалыптасқан ауданға айналып келеді. Биыл аудандық «Жас туристер» станциясы мекемесінің материалдық базасы призма және компастер секілді құрылғылармен толықты. Бұл құрылғылар - туризм саласындағы спорттық бағдарлау түрінің негізгі қажеттіліктері. Аудандағы мамандардың жаңағы құрылғылар электронды жабдықтармен толықтырылса деген ұсынысы бар.

«Бағдар-2017» шатырлы лагерінде Сырым ауданы мен Орал қаласынан бөлек, Ақжайық, Теректі, Қаратөбе, Зеленов және Жаңақала аудандарының жас туристері демалып жатыр. Табиғат аясындағы демалыс өз алдына, олар осы жерде жетекшілерімен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Лагерь өз жұмысын 30 шілде күні аяқтайды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале