3.12.2019, 15:07
Оқылды: 142

Байқаудан жүлдемен оралды

Сырым ауданындағы Сырым колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Шеберлер күні» облыстық байқауы өткен болатын.

 qaratobw sheber (1)

Аталмыш байқауға Қаратөбе колледжінің ұстазы Асыланбек Жұбанғалиев қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Байқау кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңашыл, ізденімпаз, шығармашыл, ойы ұшқыр, білімді де білікті өндірістік оқыту шеберлерінің еңбектеріне қолдау білдіру, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.

Білікті ұстаз Асланбек шығармашыл, жаңашыл идеяларға толы білім берудегі ой ерекшеліктерімен байқаудың үш кезеңінен де мүдірмей өтіп, қазылар алқасының көңілінен шықты.

"Өз мамандықтарын шеберлікпен таныстыру" бөлімінде Асыланбек Жанболатұлы сүттен жасалатын тағамдарды әзірлеп апарып, олардың күнделікті тұрмыстағы қажеттілігі мен адам ағзасына пайдалылығын жоғары деңгейде шебер жеткізе білді. "Ізденімпаз жас шебер - ертеңгі құзіретті маман" бөлімінде өндірістік сабақ барысын көрсетті. "Педагогикалық зертхана" бөлімінде ұстаз "Мүмкін емес еш нәрсе жоқ" ұстанымын басшылыққа ала отырып, Абайдың қара сөзін мысал ретінде келтіріп, шешендік өнерді меңгерген жан-жақты шебер ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап шықты. Байқау шебер, ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл ұстаздардың еңбегін одан әрі шыңдап, өзара тәжірибе алмастыратын, бәсекелестікке жетелейтін сайыс болды.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале