1.07.2020, 17:13
Оқылды: 214

Бәйтерек аудандық "Ауыл тынысы" газетіне жаңа редактор тағайындалды 

1 шілде күні Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетіне жаңа директор-редактор тағайындалды.

EC1B15DE-B1E5-47B6-B344-91409C93915D

Жаңа басшы Түгелбай Бисенді ұжымға «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Рауан Сәбитов таныстырып, сәттілік тіледі. Түгелбай Кенжеғалиұлы өз кезегінде өзіне артылған сенімді ақтайтынын жеткізді. Бұған дейін аудандық газеттің ілгерілеуіне үлес қосқан Ертай Бимұханов енді «Jaiyq press» ақпарат орталығында жұмыс істейтін болады.

Түгелбай Бисен 1988 жылы Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Журналистік жолын 2011 жылы «Ауыл тынысы» газетінде фототілші, кейін тілші қызметтерін атқарды. Кейін «Ақжайық» футбол медиа-офицер, облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшілік қызмет жасады.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале