4.04.2019, 18:34
Оқылды: 48

Бәйтерек аудандық соты «Smart сот» жобасын іске асыруда

«Smart сот» жобасы заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу және оларды сот ісін жүргізуде қолдану сот ісін жүргізудің тиімділігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

smart sot

Бұл жоба «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.

Сот отырысына мобильдік бейнеконференция байланысы арқылы қатысу үшін мобильдік құрылғыға Арр Store немесе Play market арқылы жазылған «TrueConf» қосымшасын жүктеп, сотқа онлайн режимінде сот мәжілісін өткізу туралы жүйеге кіру үшін логин мен құпия сөзді алу қажет.

«Smart сот» сот мәжілісін айтарлықтай жылдам өткізуге және тараптардың ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында жүзеге асқан.

- Бәйтерек аудандық сотында жыл басталғалы «True Conf» ұялы қосымшамен бейнеконференция арқылы 1 азаматтық іс, 3 әкімшілік іс қаралды,-дейді Бәйтерек аудандық сот кеңсесінің бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Гүлжан Жұмалиева.

Шыңғыс Ромашев,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале