6.02.2019, 16:28
Оқылды: 41

Бәйтерек ауданы әкімінің есебі өтуде

Жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына келген облыс әкімі Алтай Көлгінов аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Асхат Шахаровтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысуда.

Өңір басшысы Алтай Көлгінов кездесу алды аудан мектептерінің "Алтын белгіден" үміткер 26 оқушымен жүздесіп, мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ білім бəсекесінде сəттілік тіледі. Аудан мектептеріндегі "Робототехника" үйірмесі оқушылары дайындаған көрме жұмысымен танысты. Айта кету керек, "Робототехника" үйірмесі ауданның 14 мектебінде жұмыс жасайды. Үйірме мүшелеріне тəжірибелі педагогтар дəріс береді.

Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы одан соң "KEN" əлеуметтік жобасының жұмыс барысымен танысты. Аталмыш жоба аясында ағылшын тілін үйренуге ықылас танытқан өрендер дəріс алады. Курс аптасына 2 рет жүргізіледі. Болашақта арнайы маман Нұргүл Тағайбекова мемлекеттік қызметшілерге де ағылшын тілі курстарын ұйымдастыруды қолға алғалы отыр.

Есепті кездесу алдында аудан тұрғындары назарына Бәйтерек ауданының 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бейнекөрсетілім ұсынылды.

- 2018 жыл ел тарихында Астанамыздың 20 жылдығымен айшықталды. Елорданың мерейтойына аудан халқы да белсенді үлес қосты деп білемін. 2018 жылы аудан халқы үшін тарихи оқиға аудан атауының өзгеруі болды.
Өздеріңіз жасаған ұсыныс бойынша Елбасы тарихи шешім қабылдап, құжатты бекітті. Ол хабарды ауданның зиялы қауымымен арнайы кездескен облыс әкімі Алтай Сейдірұлы жеткізген болатын. Бәйтерек атауы бізге ең алдымен ерекше жауапкершілік жүктейді. Өмір ағашының беріктігі, берекеге бастайтын киесі ауданның табиғи сипатына дәл келеді. Жасыл желекті, астықты ауданымызды жаңа атаумен одан әрі дамыта түсу халқымыз үшін ортақ міндет, - деп бастады аудан басшысы А.Шахаров есептік кездесудегі баяндамасын.

Ертай Бимұханов,

Суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале