22.01.2021, 11:57
Оқылды: 39

Бәйтерек ауданында 229 адамнан COVID-19 анықталып, 2 науқас қайтыс болды

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан өңіріміз "қызыл" аймаққа енді. Осы вирусты жұқтырғандар саны күрт артты. Егер осыған дейін Бәйтерек ауданындағы эпидахуал тұрақты болса, жыл басынан бері жағдай қиындай түсті.

2D1042DD-0528-4A68-882A-FEBCEC7AEFE4

Жаңартылған мәлімет бойынша Бәйтерек ауданында 229 адамның ПТР тесті оң нәтиже берген. Бұл осы кезге дейінгі көрсеткішке қарағанда екі есе көп екенін айтады аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары.

-Қазіргі таңда ауданымызда вирус жұқтырған жандардың 167-сі індеттің симптомды, 62-сі симптомсыз түріне шалдыққан. 30 адам ауруханада ем алуда. Олардың 14-і Бәйтерек аудандық ауруханасында, 3-уі Орал қалалық көпсалалы ауруханасында, 13-і қалалық көпбейінді ауруханасында. Тағы 119 адам үй карантинінде оқшауланған. Екі науқас қайтыс болды,- дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

Осы ретте аймақтағы карантин режимі күшейіп, вирустың таралуының алдын алу мақсатында шаралар қабылданып жатыр.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале