23.01.2020, 17:35
Оқылды: 51

Бәйтерек ауданында бейнебақылаудың көмегімен 27 қылмыс ашылған

Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қойылған бейнебақылау қондырғылары полиция қызметкерлерінің жұмысын едәуір жеңілдетеді.

 kamera

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі берген мәліметке сүйенсек, ауданда өткен жылдың шілде айында 243 дана бейнебақылау камерасы орнатылған.

Камералардың көмегімен бірнеше әкімшілік құқық бұзу фактісі де тіркелген.

Атап айтар болсақ, мүлдем төзбеу қағидатына сай қоғамдық тәртіпті бұзған, қоршаған орта мен қоғамға сыйламаушылық білдіру фактісі бойынша 30, қоғамдық жерде алкогольдік ішімдік ішу фактісімен 37, белгіленбеген жерде темекі шегу фактісі бойынша 17, көркейту безендіру ережелерін бұзғаны үшін 38 құқық бұзушылық дерегі анықталған. Барлық дерекке қатысты хаттамалар да толтырылып, 246 468 теңге айыппұл салынған. Бүгінде аталмышайыппұлдың 201 128 теңгесі өндірілген.

Өткен жылдың 6 айында бейнебақылау камерасының көмегімен 27 қылмыс ашылған. Олардың дені ұрлық.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале