17.10.2019, 17:16
Оқылды: 101

Бәйтерек ауданында республикалық лекторий өтті

Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» және «Қазақтану» жобасы шеңберінде қоғамдық келісім жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторий өтті.

Музей 3

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Батыс Қазақстан Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Медхат Қамбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім меценаты Бекзат Алтынбеков, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының өкілі, әлеуметтанушы Қамажай Жұмақасова келді.

Қонақтарды аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерназар Амангелдіұлы көне жәдігерлер және экспонаттар залымен таныстырып, ауданның төл тарихы жөнінде баяндады.

Жиын барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы шараның мән-маңызына тоқталды.

- Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының негізінде ауданда бірақатар жұмыс атқарылуда. «Рухани жаңғыру» мақаласы қазақ қоғамының руханияты мен мәдениетінің көкжиегін ашқан мақала болды. Елбасы мақаласының парасатты қағидаттарының негізінде әлі де талай шығарамашылық жұмыстарды аудан тұрғындарымен бірлесе отырып жандандырамыз деген ойдамын, - деді Көпжан Тастанұлы.

Музей 4

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Бекзат Алтынбеков алтын дәнді өлкенің жұртшылығына ризашылығын білдіріп, «Ұлы даланың жеті қыры» «Қазақтану» жобасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 - «Қазақтану» жобасының негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпы­ұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту.

«Қазақтану» қазақ халқының мәдениетін, төл өнерін, тарихын зерделеп, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бағалы жобалардың бірі. Бұл жоба Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрін, гуманистік және адамгершілік принциптерін дәріптейді. Еліміздегі әрбір ұлт өкілі Қазақ елінің тарихын, мәдениетін, тілін білсе, бұл еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайта түседі, - деді Бекзат Алтынбеков.

Жиында сөз алған «Ұлағат» мәдениет және даму қорының өкілі, әлеуметтанушы Қамажай Жұмақасова «Ұлағат» мәдениет және даму қорының мақсаты мирасқорлық және өзара ықпалдасу рухындағы Қазақстанның бірегей мәдениетінің сақталуы мен дамуына барынша қолдау көрсету екендігін атап айтты.

Шара барысында жиналғандар өз сауалдарына нақты жауап алды.

Шыңғыс Ромашев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале