6.02.2019, 16:31
Оқылды: 27

Бәйтерек ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 10 жоба іске асты

Бәйтеректік тұрғындар алдында өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстарға есеп берген аудан басшысы Асхат Шахаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

4d26e3f6-7489-4dc5-8433-c2d894af44bd

- Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жергілікті демеушілердің қолдауымен 72,6 млн. теңгеге 10 жоба іске асырылды. Соның ішінде Көшім округі Үлкен Шаған ауылында спорт кешені (58 млн.), Махамбет ауылында ауылішілік жол жөндеу (5 млн), Январцев ауылындағы саябақ аумағын қоршау (2,5 млн), Белес ауылынан ғашықтар аллеясын салу (1,1 млн) сынды жұмыстар жүзеге асырылды, - деді Асхат Берлешұлы.

Жыл басында қазақтың дауылпаз ақыны Қ.Аманжолов атындағы мектепке ақынның мүсіні қойылды. Елбасының «Домбыра күнін» белгілеуіне байланысты ұлттың асыл аспабы «Домбыра» мүсіні орнатылған болатын. Ауылдарда спорт алаңдары, демалыс саябақтары, аллеялар салынып, абаттандырылды.

Жыл басында аудан орталығында «Рухани жаңғыру алаңы» құрылса, Дариянда жастарға «Шабыт» коворкинг орталығы іске қосылды.

Өткен жылы демеушілердің қолдауымен «Достық» мәдениет үйінен «Татуласу орталығы» ашылды. Отбасы құндылықтары мен адамгершілік қағидатты бірінші орынға қоятын орталықта медиаторлар мен заңгерлер тегін кеңес беріп, отбасылардың өзара түсіністігін қамтамасыз етіп келеді.

Ертай Бимұханов,

Суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Бәйтерек ауданы

a6a7fe1e-e5fa-47f9-8aa4-29c6b434959a 9b26d3e7-466a-48a4-922f-581832879b7e

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале