10.04.2019, 12:57
Оқылды: 89

Бәйтерек ауданының әкімі оқушылармен кездесті

Бәйтерек ауданы орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы мектептің 6 «А» сыныбының оқушылары аудан әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында болды.

 11

Айта кету керек, сыныпта 17 оқушы болса, оның ішінде 2 оқушы – оқу озаты, 6 оқушы – оқу екпіндісі.

Сыныптағы өрендердің бірі Бақтияр Болатбек республикалық туристік жарыстардың жүлдегері. Ал Думан Мақсот, Эленора Карабалкина, Бақтияр Болатбек сынды оқушылар «British Bulldog» конкурсында топ жарғандар.

Оқушылар азаматтарды қабылдау бөлмесі, «Ақ бидай», «Ақ Жайық», «Шаңырақ» мәжіліс залдарында болып, аудан әкімдігі тарапынан қабылданатын шешімдер мен тарихи сәттер жөнінде мәліметтерге қанықты.

Аудан картасымен, ауданды тәуелсіздік жылдарында басқарған тұлғалар жөнінде мәліметтермен танысып, аудан мәслихатының құрылымы жөніндегі ақпараттардан да хабардар болды.

Қарбалас жұмыстың тығыздығына қарамастан аудан басшысы бір сағатқа жуық уақытын балаларға арнап, олармен емен-жарқын әңгімелесті.

Аудан басшысы А.Шахаров оқушыларды апталық жұмыс кестесімен, ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, жарқын болашақ иелеріне оқуда озат, өнерде оқ бойы алда болуларына тілектестігін жеткізді.

Балалық шақ, мамандық таңдау жолдары, табысқа жету турасында қойылған сауалдарға жауап берілді.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

111 (1) 111 (2) 111 (3) 111 (4) 111 (5)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале