11.01.2019, 13:11
Оқылды: 30

Бәйтеректе 19 қоғамдық көлікке мониторинг жүргізілді

Бәйтерек ауданында «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында ауылдық округтердегі қоғамдық көліктерде мониторинг жүргізілді.

kk (1)

Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлері, партия мүшелері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Рейд барысында 19 қоғамдық көлікке мониторинг жасалды.

         - «Кедергісіз келешек» жобасы жаңартылды. Аталмыш жоба аясында қоғамдық көліктерге бақылау жасалды. Көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін және сапасын қарап шықтық. Әрине, бұл бір күндік шаруа емес, келешекте жолаушы тасымалымен айналысатын көліктердің барлығын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз қажет.

Бүгінгі жоба бойынша қорытынды шығарып, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жіберетін боламыз. Бұдан соң ол орталық аппартқа жіберілмек, - деді аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев.

kk (3)

         Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале