27.09.2019, 20:46
Оқылды: 157

Бәйтеректе аудан күні аталып өтілді (СУРЕТ)

27 қыркүйек күні Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында Аудан күніне арналған мерекелік шаралар ерекше салтанатпен аталып өтті.

 IMG_2591

Аудан күніне арналған мерекелік шараларға ағылған меймандарды аудан әкімдігінен қарсылап, қазақы дәстүрге сай дастарқаннан дәм татты.

Меймандардың қатарында Ресей Федерациясынан, облыс аудандарынан келген өкілдер, ауданның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан еңбек ардагерлері, т.б. бар.

IMG_2808

Алдымен аудан басшысы Асхат Шахаровтың бастауымен меймандар аудан ортылығында орын тепкен шіркеу мен аудандық мешіт ішін аралап, ізгілік әлеміне саяхат жасады.

Қос ғимаратты татулық пен ынтымақтың ажырамас бөлігіндей етіп «Бейбітшілік пен келісім» саябағы келбетіне де көз жүгіртті.

Бәйтеректіктер үшін Аудан күні аясындағы қуанышты мереке ажарының бірі – тұрғын үйлердің кілттерін табыс ету рәсімі.

IMG_2196

Аудан орталығына кіре берісте алыстан мен мұндалап көз тартар Мұнайшы шағын ауданында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің кілттерін табыстау салтанатында қоныс тойын тойлағалы отырған тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров:

- 80 жылдық тарихы бар, көптеген игі істерімен мақтанатын ауданбыз. Бүгін ортамызда достықтың туын биік ұстаған Ресей Федерациясынан, кезінде ауданда басшылық қызметте абыройлы еңбек еткен мәртебелі қонақтармен қатар, облыс аудандарынан келген меймандарымыз да бар.

Еліміздегі бүгінгі той баршамызға құтты болсын! Бүгін 23 үйдің кілтін табыстауға жиналып отырмыз. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарласы шеңберінде баспанаға қол жеткізу мүмкін болып отыр. Сол себепті аудан бойынша мұқтаж адамдардың мәселесі шешіліп, бірқатарына үйдің кілтін табыстағалы тұрмыз. Мереке, қоныстой құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық ұяласын! - деді.

IMG_2123

Аудан басшысы қоныстойын мерекелегелі тұрған қуаныш иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады.

Тұрғындар атынан сөз сөйлеген дарияндық Фатима Балашова облыс, аудан басшылығына алғысын айтты. Меймандар жаңадан бой көтерген тұрғын үй бөлмелерімен танысып, қоныс той иесінің дастарқанынан ауыз тиді.

Айта кету керек, Мұнайышы шағын ауданында бой көтерген тұрғын үйлерге аудан бойынша ауылдық округтердегі тұрғын үйлерге мұқтаж жандар көпбалалы отбасылар орналасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы аталмыш ауылда 23 баспана бой көтерген болатын. «Жиенбай» ЖШС салған бұл үйлердің жалпы көлемі 65 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек, қазіргі таңда екі екі қабатты, әр қайсысы 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

IMG_2015

Аудан күні аясында орталық алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге аты алысқа кеткен аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарын өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды.

Сонымен қатар достық аясында мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың қолөнер көрмесі тамашаланды.

IMG_2825

Ал, стадиондағы футбол жарысының ашылу салтанаты өзіндік ерекшелігімен футбол жанкүйкерлерінің есінде көпке дейін қалмақ.

Футбол жарысында Қазақстан Республикасының Мемлекетттік әнұраны шырқалды. Спорттық шараны құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков аяқдопшылар мен жанкүйерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

IMG_2312

«Олимп» стадионында өткен мерейлі мерекеде Переметный ауылдық округі командасы мен Зеленый ауылдық округі командасы жолдастық кездесу өткізіп, нәтижесінде зеленыйлықтар жеңімпаз атанды.

Орталық стадионда өткен аудандық қазақ күресі көпшіліктің делебесін қоздырды. Қазақ күресі жарысында 90 келі салмақ дәрежесінен жоғары белдесуде Бегайдар Меңдешов І орын (Трекин ауылддық округі) - (150 000т), ІІ орын Ерлан Мусағалиев (Дариян ауылдық округі) - (100 000т), Манарбек Кенжеғалиев ІІІ орын (Переметный ауылдық округі) - (50 000т) жүлдеге ие болды.

Түс мезгілі таянған шақта алаңды бойлай тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде мерекелік шараға қатысушыларға арналған мерекелік дастарқан әзірленіп, ақ жарма тілектер ақтарылды.

Аудан күні мерекесін тамашалаушылар аудандық тарихи-өлкетану музейінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Аудан тарихы жөнінде жиналғандарға музей директоры Ерназар Амангелдіұлы мәлімет берді.

Орталық алаңда Аудан күні мерекесіне жиналғандар назарына аудан көркемөнерпаздарының концерті ұсынылды.

IMG_2408

Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері әсем әннен шашу шашып, белгілі би ұжымдары мереке шырайын аша түсті.

Мерекенің салтанатты бөлімінде аудан халқын Аудан күнімен құттықтап сөз сөйлеген аудан басшысы Асхат Шахаров ел-жұрт тұтастығын, бірлігін тіледі.

IMG_2494

 

Сазды бағдарлама жетегінде ауданның дамуы мен гүлденуіне белсенді үлес қосқан ардақты жандар мен кәсіп иелері марапатталды.

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен қоғам белсендісі Амангелді Мыңбаев, (Зеленое ауылы), Ғалымжан Мендалиев (Переметный ауылы), Александр Старцев (Дариян ауылы), ұстаз Александр Иманов (Рубежин ауылы), қоғам белсенділері Құмарғали Ғұбайдоллаұлы (Достық ауылы), Бақыт Тоқбаев Кәкішұлы (Трекин ауылы), ардагер спортшы Демесін Маушев (Щапов ауылы), ұстаз Светлана Тұрғалиева (Белес ауылы), егінші, кәсіпкер Абай Жанғалиев (Январцев ауылы), ұстаз, егінші Федор Сковородко (Макаров ауылы) марапатталды.

IMG_2711

Сонымен қатар аудан әкімінің алғыс хаты қоғамдық өмірде аудан абыройын асқақтатып жүрген белді кәсіпкерлер мен кәсіпорын, шаруа қожалығы иелеріне табыс етілді.

Сазды бағдарламаның құттықтау лебіздер білдіру бөлімінде көршілес Ресей Федерациясынан келген, облыс орталығы мен аудандардан келген меймандар құттықтау сөз алып, аудан басшысы Асхат Берлешұлына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Мерекенің айшықты шарасы – аудандық мәдениет үйінде өтетін облыстық ақындар айтысы болды.

айтыс 1

Ақындар айтысын Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла ашып, аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтады.

Айтыстың ең алғашқы жұбын Бауыржан Ширмеденұлы мен Естеміс Мұқамбетов құрады. Екі ақын елді мекен атауларын тілге тиек етіп, орынды сөз қозғады.

IMG_2993

Жас айтыскерлер Орынбек Меңдіқұл мен Әділ Ахметовтің айтысы әдемі әзілге құрылып, аға-іні сыйластығын көрсетті.

Ал, Мұрадым Мирланов пен Эльдар Ихсановтың айтысы көрерменің есінде қағытпа қалжыңдарымен қалды.

IMG_2999

Өнер мерекесінің соңғы жұбын құраған «Алтын домбыра» иесі Жансая Мусина мен Талғат Мықиды халық ерекше қошеметпен қарсы алды. Екі дос ақын әдемі әзілдерімен қатар, елдік мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Қайта-қайта айтыссүйер ағайынға қол соқтыртып, ыстық ықыласқа бөленді.

айтыс 6

Айтыс соңында аудан басшысы Асхат Берлешұлы ақындарды бастап келген Бауыржан Ергенұлына алғысын жеткізіп, айтыскер ақындарға алғыс хат табыстады.

Айтысты Қадыр орталығы басшысының орынбасары Мәди Сабыров жүргізіп отырды.

Аудан күні мерекесі аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

айтыс 7 айтыс 8 айтыс 10 айтыс 11

Ертай БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек ауданы

 

Суреттерді түсірген Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале