27.09.2019, 10:27
Оқылды: 87

Бәйтеректе аудан күні басталды

Бүгін Бәйтерек ауданында аудан күні аталып өтіледі. Мерекеге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатыспақ. Мерекелік шара аудандық мешіт пен шіркеуді көрсетуден басталмақ. Сонан соң Мұнайшы шағын ауданында салынған тұрғын үй кілті салтанатты түрде табысталады.

baiterek

 Естеріңізге сала кетейік, биыл аталмыш ауылда 23 баспана бой көтерді. «Жиенбай» ЖШС салған бұл үйлер 65 шаршы метрлік. Бұдан бөлек, қазіргі таңда екі екі қабатты, әр қайсысы 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Бұдан соң шара ауыл шаруашылығы жәрмеңкесімен, аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғаспақ. Сондай-ақ облыс ақындарының айтысы да мереклік шараның шырайын кіргізеді. Аламан додаға әрісі республикаға, берісі өңірімізге танымал ақындар қатысады. Олар Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Эльдар Ихсанов, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы, Естеміс Мұқамбетов, Орынбек Меңдіқұлов және Әділ Ахметов.

Кешкілік мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен қорытындыланады.

Қазірдің өзінде қонақтардың алғашқы легі келуде.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале