29.05.2019, 10:42
Оқылды: 124

Бәйтеректе балалар спорт алаңы ашылды

Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округінде балаларға арналған спорт алаңы ашылып, ел игілігіне қолданылуға берілді.

balalar alany (1)

         Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

«Жастар жылы» аясында ашылған спорт алаңының салтанатты лентасын Трекин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зейнолла Жұмашқалиев, қазақ күресінен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Болат Жанболат қиды.

«Street workout», балалар ойын алаңы, шағын футбол, волейбол, баскетбол ойын алаңы бар.

- Бүгінде елімізде бұқаралық спортты қолдауға бағытталған жан-жақты бағдарламалар жүргізілуде. Бүлдіршендеріміздің бақытты болашағы еліміз үшін маңызды. Келешек жас ұрпақ елдің тірегі екендігін ұмытпайық. Бүгін балаларға арналып салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қолданылуға берілген спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын! - деді аудан әкімі Асхат Берлешұлы.

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

balalar alany (2)

balalar alany (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале