10.08.2020, 17:20
Оқылды: 62

Бәйтеректе челлендж жалғасуда

Бәйтерек ауданының жастары қазақтың данагөй ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған #Abai175 челленджін әрі жалғастыруда. Ұлы ақын мерейтойына арналған онлайн бастаманы Переметный жастары атынан Айдана Нұреденқызы алғаш қолға алған. Тамыз айының сегізі күні аудан орталығынан жолданған челлендж бүгінде ауданның Дариян, Мичурин, Рубежка, Краснов ауылдық округтерінен қолдау тапты. Абай өлеңдерін оқу челленджі барлық 22 ауылдық округті қамтымақ.

BA8EADEC-BBE3-4A5E-B185-83BE45FB0568

-Бұл үлкен тойға арналған челлендждің басты мақсаты - халықтың, елдің ұстазына айналған  Абай Құнанбайұлы мұрасын жастарға насихаттау, бабамыздың халқымызға қалдырған аманатын жеткізу. Жастарды Абай өсиетін зерделеуге шақыру болып отыр. Абай арманы - халық арманы және біз, қазақ елі жастары халықтың арманын орындау жолында аянбаймыз. Ұйымдастырылып жатырған шаралар мен челлендждер жалғасын тауып, елеусіз қалмасына сенімдіміз. Абайдың өсиеті елімізді жаңа белестерге жетелейді, - дейді Бәйтерек ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Алма Төлепқалиева.

Бұнымен қоса аудан жастары алтыншы тамыз күні бастау алған облыстық «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты онлайн байқауына да белсене атсалысуда. Сондай-ақ аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары да ел Үкіметі бекіткен Абай күні мерекесіне арналған онлайн концерттерін де ұсынуда. Альфия Исламова, Аягөз Бейсова, Нұрсұлтан Сақтай сияқты әншілер мен «Шежіре» фольклордық ансамблі Абай әндері мен күйлеріне шағын бейнебаяндар түсіріп, көрерменге ұсынуда.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале