15.07.2019, 19:50
Оқылды: 246

Бәйтеректе «Цифрлық әліппе» жүйесі бойынша оқыту семинары өтті

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Қазақ тілі» қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен жаңа қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгертуге бағытталған «Цифрлық әліппе» жүйесі бойынша интерактивті оқыту семинары өтті.         

 

Семинар барысында ұйымдастырушылар қазақ тілінің жазу тарихы, латын таңбасына көшуі негізінде бейнеролик көрсетіп, латын әліпбиінің қолданысы туралы ақпаратпен таныстырды.

Семинар аясында қатысушылар жаңа қазақ әліпбиін меңгеруге арналған жедел жаттығулар мен тыңдалым тапсырмаларын және лексика-грамматика және оқылым-жазылым бағытындағы тест тапсырмаларын орындады.

All-focus

-Біз семинар барысында латын әліпбиінің тарихы, қолданылу аясы жөнінде ақпараттармен таныстық. Латын әліпбиін меңгеруге арналған жазылым тапсырмаларын орындап, жаңа таңбалы әліпбиді сауатты жазуға дағдыландық. «Цифрлық әліппе» жүйесі бойынша жаттығулармен жұмыстанып, практикалық тұрғыдан бірегей ақпараттық жобаның қажеттілігін ұғындық. Алдағы уақытта да сауаттылық дағдысын арттырып, тың ақпарат жеткізетін осындай оқыту семинарлары жиі болып тұрса игі еді,-дейді семинарға қатысушы Нұрлыбай Сәкенов.

All-focus

Шыңғыс Ромашев

                                                                                Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале