28.01.2020, 10:02
Оқылды: 94

Бәйтеректе Еріктілер жылына дайындық пысықталды

Бәйтерек ауданында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшылығы Еріктілер жылына дайындықты пысықтады.

 baiterek (3)

Аудан бойынша Еріктілер жылын өткізуде 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталған. Еріктілікті дамытудың 7 бағыты қарастырылған. Осы орайда инфрақұрылымды дамыту шаралары жоспарланған.

- «Сабақтастық» жобасы аясында еріктілер балалар үйі тәрбиеленушілерін қамқорлыққа ала алады. «Саулық» бағыты бойынша медициналық еріктілік дамиды, олар ауырған адамдарға жәрдем береді. «Таза әлем» жобасы қоршағаны ортаны қорғауға бағытталған. «Асыл мұра» бағытында еріктілер материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмысын атқарады. «Қамқор» бастамасы – еріктілердің қарттар үйіндегі жұмысы.

«Білім» жобасы ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмысына, ағылшын тілін үйретіп, компьютер бойынша сауатты жетілдіруге көмектессе, «Үміт» жобасы бойынша еріктілер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы аясында отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздеумен айналысады, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Алма Төлепқалиева.

baiterek (1)

Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Амангүл Намазова ойларын ортаға салды.

 

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале