23.10.2020, 18:09
Оқылды: 28

Бәйтеректе «LIVE DIOLOGUE» жобасы аясында теолог маман кеңес берді

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «LIVE DIOLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирге аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теологы Ерген Құмаров қатысты.

 лайвдиолог

«Ислам және қоғам» тақырыбында өткен лайв кеңес барысында Ерген Қонысұлы ислам дінінің маңызы мен қазіргі қоғамдағы дін жайында кеңінен әңгіме өрбітті.

- Жалпы тарихта  ешқандай қоғам дінсіз өмір сүрмеген, кез-келген қоғамның өзіндік діні болған. Сол сияқты ислам діні де адам баласын қараңғылықтан нұрға, білімсіздіктен жарыққа шығаратын дін болып есептеледі, - деді теолог.

Сонымен қатар ислам дінінің пайда болу тарихын баяндап, эфирге қосылған жастарға ғибратты ойын жеткізе білген дін маманының эфирі қызықты өтті.

Жалпы аудан жастарын түрлі бағытта ақпараттандыру мақсатаында қолға алынған «LIVE DIOLOGUE» жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осы арқылы кез-келген санаттағы азамат өзіне қажетті мәліметті ала алады.

 

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале