13.08.2020, 18:30
Оқылды: 58

Бәйтеректе медиация бойынша дөңгелек үстел өтті

Бәйтерек ауданының №2 сотында «Қылмыстық процесте бітімгершілік рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

smart

smart

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, прокуратура қызметкерлері, Бәйтерек ауданының адвокаттары, Приурал ПБ-нің өкілдері, медиатор және билер кеңесінің мүшелері қатысты.

- Азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғауда және дауларды шешу механизмін жетілдірудің басымды бағытының бірі бітімгершілік рәсімдерді дамыту, оның ішінде медиация болып табылады.

Медиацияны азаматтық сонымен қатар қылмыстық сот өндірісінде қарастырылатын онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылық істерде қолданылады, - дейді Бәйтерек ауданының №2 сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова.

Бәйтерек ауданының прокуратурасының прокуроры Әділхан Дүйсебаев медиатордың халықпен жұмыс жүргізу жұмысына ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар аталмыш Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу, медиаторлардың басқа да мекеме-ұйымдармен өзара жұмыс жүргізу керектігі түсіндірілді.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, қорытындысында жұмыс сапасын жақсарту үшін жұмысты бір бағытқа қоятын жолдар ұсынылып, ортақ шешімге келді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале