22.02.2019, 16:58
Оқылды: 35

Бәйтеректе «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында концерт өтті

Бүгін бәйтеректіктерге «Мейірімділік жолымен» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының өнерпаз өрендері тарту жасады.

загип 3

«Жүректен жүрекке» деп аталған мәдени шарада аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, «Қазақ зағиптар қоғамы» БҚО филиалының төрағасы Мұрат Қадырбеков, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Қаракөз Қасымқызы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығын баяндады.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың атынан меймандарға тарту-таралғы жасалды.

- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау аясында ұйымдастырылған шара Бәйтерек ауданынан бастау алып отыр. Бүгінгі шара ұлттық құндылықтарды дамыту, жас буынға рухани-адамгершілік тәрбие беруге бағытталған,- деді облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Қаракөз Қасымқызы.

Алдымен көрермен назарына интернаттың тыныс-тіршілігі хақында бейнебаян ұсынылды.

Кеште Шапағат Сәкенұлы, Дәріс Ырысхан, Данияр Балтабай, Диана Сарманова, Ақтілек Душова, Ернар Егінберлі орындауындағы әнмен, «Нұр Наз» би ансамблінің биі көрерменді бір серпілтіп тастады.

Жүрекке мейірімділік нәрін төккен кеш қорытындысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ықыласов сөз алып, мектеп-интернатының тілек альбомына қолтаңбасын қалдырды.

Айта кету керек, мәдениет үйі дәлізінде облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен кітап көрмесі ұсынылды.

загип 1 загип 2

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале