24.05.2019, 11:04
Оқылды: 79

Бәйтеректе «Open space» алаңы ашылды

Бәйтерек ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлескен

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында «Open space» алаңы іске қосылды.

 адал

         Айта кету керек, «Open space» алаңы облыста алғашқылардың бірі болып Бәйтерек ауданында ашылды.

Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Исақов, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Әлия Салиева қатысып, алаңның маңыздылығына тоқталып өтті.

         Халық алдында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ететін жобаны Болат Исақов пен Әлия Салиева іске қосып, қабылдау жүргізді.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің 1-қабатында орналасқан алаңда тұрғындардың талап-тілектеріне орай барлық жағдай қарастырылған.

Тұрғындар тарапынан туындаған сауалдар мен мәселелерді шешуде ашықтық қамтамасыз етіледі.

Ертай Сағындықұлы,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

адал 1 адал 2

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале