19.04.2019, 17:56
Оқылды: 34

Бәйтеректе «Плоггинг» акциясы басталды

 Бәйтерек ауданында салауатты өмір салтын ұстанып, экологияны қамқорлыққа алатын «Плоггинг» акциясы басталды.

 плог

Алғаш рет ұйымдастырлып отырған плоггингке аудан жастары соның ішінде Бәйтерек колледжі студенттері мен аудан орталығындағы мектеп оқушылары қатысып, ұйымшылдық танытты.

«Плоггинг» акциясына қатысушы белсенді жастар алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров маңызды шараның маңыздылығын атап өтіп, жастармен бірлесе плоггингке белсене атсалысты.

- Елімізде қабылданған «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Туған жерді көркейту, ауыл тазалығын сақтау – жас ұрпақтың басты борышы. Баршаңызды «Плоггинг» шарасына белсенді түрде қатысуға шақырамын, - деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Айта кету керек, «Плоггинг» акциясы алғаш Швецияда пайда болған. «Плоггинг» сөзі жүгіру және қоқыс жинау деген мағынаны білдіреді.

Акцияны өткізу кезеңінде әр командада 6-7 адам болуы міндетті. Бір айға созылар акция нәтижесі бойынша әр команданың жұмысы бағаланып қорытындыланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қоқыс көлеміне және аумақтың тазалығына қарай бағаланатын болады. Балдық есеп әр командаға түрлі түсті жұлдызша арқылы есептелінеді. Акция аясында ең көп жұлдызша жинаған команда жеңіске жетіп, бағалы сыйлықпен марапатталмақ.

Ертай Бимұханов,

суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

плог 1 плог 2

плог 3

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале