3.12.2019, 15:52
Оқылды: 63

Бәйтеректе «Жалынды жастар» өнер фестивалі қорытындыланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округі клубында «Flame Jastar» (Жалынды жастар) өнер фестивалі мәреге жетті.

Жастар жылы аясында өнер жолындағы талантты жастарға қолдау білдіріп, отан сүйгіштікке баулу мақсатындағы шара бірқатар аталым бойынша үздіктерді анықтады.

baiterek jastar (2)

Қаншама жастың дарынының шыңдалуына, өнерінің қарышап дамуына септігін тигізген өнер мерекесі өзіндік мән-маңызымен ерекшеленді.

Ерекше форматта өткен фестивальдің сұранысы да, талап-тілегі де жоғары болды.

Фестиваль қорытындысында «Театр өнері» аталымын Кенесары Болғанбаев (Переметный ауылы), «Бейнелеу өнері» аталымын Дильназ Берсебаева (Асан ауылы), «Заманауи би» аталымын «BOSS» би ұжымы (Мичурин ауылы), «Иллюзия ШОУ» аталымын Саида Кадыханова (Янайкин ауылдық округі), «Бит-бокс» аталымын Мәжит Бейсенбек (Переметный ауылдық округі), «Заманауи ән» аталымын Рамазан Ақбалаев (Асан ауылы) және «Үйлесімді дуэт» аталымын Айгерім Бектасова мен Ғабдырахман Талапов жұбы иеленді.

baiterek jastar (1)

Түрлі аталымдар бойынша марапатқа ие болған ауыл жастары Жастар жылы аясында шымылдығын жапқан өнер кешінің ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.

Барлық жүлдегер жастарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Әсем ән, әуезді әуен, ырғақты бимен көркемделген өнер додасынан жастар жылы әсермен тарқасты.

 

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале