5.12.2019, 17:45
Оқылды: 53

Бәйтеректе «Жаңа кітаптар күні» шарасы өтті

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен кіші топтағы балаларға «Жаңа кітаптар күні» атты bibliofresh шарасы өткізілді.

baiterek kitap (2)

Осы орайда балғындар кітапхана қорына келіп түскен әлем халықтарының және ең үздік әлем жазушыларының әдеби ертегілерімен танысуға үлкен мүмкіндік алды.

Балалар кітапханасына жиналған оқырмандардың көбісі кітапханада өтетін мәдени-көпшілік шаралардың тұрақты қатысушылары. Оларға кітапханашы апайлардың ұйымдастырған әр шарасы ерекше маңыздылығымен ұнайды. Сол себепті болса керек, олар қолы қалт еткенде кітапханадан табылуға тырысып бағады.

- Кітап қорын толықтырып, балғындар назарына ұсынылған «Әжемнің ертегілер жинағы», «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай», А.Афанасьевтің «Хрустальная гора», «Кот, петух и лиса, «Қарша қыз», «Шаруа мен аю», «Ханзада мен сұр қасқыр», «Мыстан кемпір», Х.К.Андерсеннің «Бұршақ үстіндегі ханшайым», «Су перісі», Ағайынды Гриммдердің «Ақшақар мен жеті ергежейлі», «Жеті қарға», «Қисайған туфлилер», «Сиқыршының шәкірті» тағы басқа әдемі безендірілген ертегісүйер балақайларға арналған кітаптарға шолу жасалды.

Әдемі әрленген жаңа кітаптармен танысқан бал-балалар ертегілердің әр парағын парақтап, оқуға асықты, - дейді Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Жаңабаева.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале