29.04.2019, 12:50
Оқылды: 65

Бәйтеректе жас ақынның кеші өтті

Бәйтерек ауданында аудандық «Ауыл тынысы» газетінің тілшісі, жас ақын Шыңғыс Ромашевтың «Жайыққа жауған жауһар жыр» атты шығармашылық кеші өтті.

IMG_8828

         1993 жылы Бөкей ордасыда өмірге келген ақынның өлеңдері сыршыл лирикаға құрылған.

         Шара барысында Шыңғыс Нұрлыбекұлының өмір жолы туралы бейнекөрсетілім көрсетіліп, жиылғандар ақ жарма тілектерін арнады.

         - Менің бала кезден кітап оқуға жаным құмартатын. Әсіресе, жазушылардан Қабдеш Жұмаділов, Думан Рамазанов, ақындардан Мұқағали Мақатаев пен Төлеген Айбергеновтың туындыларын сүйіп оқыдым. Танымал тұлғалардың шығармалары мені әдебиет әлеміне жетеледі, - деді жас ақын.

         Мерекелік кеш барысында Шыңғыс Ромашевтың «Бір ғана ғұмыр» атты кітапшасының тұсауы кесіліп, ақын оқырмандар алдында өлеңдерін оқыды.

         «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов пен Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жеңісгүл Жаңабаева жас ақынға алғыс хат ұсынып, естелік сыйлық табыс етті.

IMG_8959

         Кітапхана қызметкері Фарида Азбантаева жүрекжарды өлеңін арнаса, аудандық мәдениет үйінің «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі Аслан Ғизатов күй шертті.

         Кештің негізгі бөлімінде жас ақын Шыңғыс Нұрлыбекұлы мен Переметный ауылдық окургінің бас маманы Мәулет Мұхтаров сөз қағыстырды.

IMG_8950

         Шараға ауыл ақсақалы Сатыбалды Төлегенов, «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев, әріптесіміздің жездесі Ахмет Тоғызбаев және апасы Алуа Тоғызбаева, Бөкей ордасынан шыққан белді кәсіпкер Ермек Момынов, Бөкей ордасы ауданы Қ.Сағырбаев мектебінің директоры Ерлан Ермекқалиев, Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшісі Асхат Серіков, әріптестері, кітапхана ұжымы және өзге де оқырмандар қатысты.

         Шараның өтуіне жас ақынның достары мұрындық болды.

Нұрлыбек Мұхамбетияров,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_8927

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале