9.12.2019, 18:45
Оқылды: 33

Бәйтеректе «Жастар – қоғамның жарқын болашағы» атты фестиваль өтті

Бәйтерек аудандық Достық үйінде «Жастар – қоғамның жарқын болашағы» атты фестиваль аясында концерттік шара өтті.

baiterek (3)

Оған облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Тұрарбек Қиясов, аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков, «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев және Бәйтерек колледжі ұжымы мен студенттері аудан тұрғындары қатысты.

baiterek (2)

- Облыста 36 колледж бар. Оның 10-ы жеке меншік, қалғаны мемлекеттік. Биыл бұл фестивальге қатысуға жауапкершілігі мол 25 колледжді алдық. Енді Тасқала, Жалпақтал, Жәнібек және Бөкей ордасы колледждерінде өткізілмек. Бұл фестиваль 11 желтоқсанда мәреге жетіп, қорытындысы шығарылады. Фестивальдің кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары арасында өткізіліп келе жатқандығына биыл үшінші жыл. Мақсат жаңаша креативті ойлай білетін жастарды, олардың шығармашылық жұмыстары мен жобаларын анықтау, озық педагогтардың тәжірибесін тарату және көрсету, - дейді Тұрарбек Бақтыгерейұлы.

Бәйтерек колледжінің директоры Мирас Сапарғалиевтың айтуынша, бүгінде колледжде 124 студент үш мамандық, алты біліктілік бойынша білім алуда.

Айта кету керек, фестиваль 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале