29.04.2019, 18:49
Оқылды: 302

Бәйтеректе жыл басталғалы 92 қылмыс ашылған

Бүгін Бәйтерек ауданы полиция бөлімі басшысының есептік кездесуі өтті.

 IMG_9204

Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков пен аудандық полиция бөлімінің мамандары, тұрғындар қатысты.

- Биылғы жылдың І тоқсанында 143 қылмыс тіркеліп, 92-сі ашылды. Олардың 123-і қылмыс, қалған 18-і теріс қылық. Сонымен қатар 12 мал ұрлығы тіркеліп, 5-уі, 22 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның барлығы ашылды, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Сұлтан Шалдарбеков.

Сұлтан Зұлқайнарұлының айтуынша, аудандағы «Смарт сити» жобасы аясында орналастырылып жатқан бейнебақылау камераларының келешекте қылмыстың ізін суытпай ашуда пайдасы зор болмақ.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_9201

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале