20.05.2020, 21:01
Оқылды: 105

Бәйтеректегі аудандық басылым редакторы ауылдарды аралады

20 мамыр күні «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов Егіндібұлақ және Зеленов ауылдық округтерінде болып, «Баспасөз – 2020» науқанына байланысты округ әкімдерімен келіссөз жүргізді.

Подписка - Егіндібұлақ

Алдымен басылым басшысы Егіндібұлақ ауылдық округінде болып, округтің тыныс-тіршілігімен танысып, округ әкімі аппаратының құрамымен кездесті. Онда аудандық «Ауыл тынысы» газетіне ІІ жартыжылдыққа жазылу жайы сөз болды.

- Аудандық «Ауыл тынысы» газетіне деген құрметіміз ерекше. Биылғы жылы біздің округке жоспар 41 дана екен. Бірақ біз округ бойынша 50 дана газетке жазыламыз деп жоспарлап қойдық, - дейді Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринад Ескендіров.

Сапар барысында аудандық газеттің бас редакторы Е.Бимұханов ат әбзелдерін жасаушы Жанболат Ерсайынұлы мен ауыл іргесіндегі бұлақ басын жаңарту жұмыстарымен танысты.

Подписка - Зеленов

Одан соң редактор Зеленов ауылдық округінде болып, округ әкімі аппаратының бас маманы Талғат Молтуғановпен кездесіп, баспасөзге жазылу барысын жоспарлады.

Бас маман Талғат Молтуғанов та жылдағы межеден шығатындығын мәлімдеді.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

Суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале